Блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2025 17:24

Іс соттың шешімінен кейін агенттікке берілген

Блогер Ерболат Жанабылов пен оның әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бұл іс соттың шешімінен кейін агенттікке берілген. Жеңіс Елемесов блогерлердің қызметінен түскен нақты табысты анықтау әзірге мүмкін емес екенін, сондай-ақ оларға қатысты әлі ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмағанын жеткізді.

Агенттік өкілі, блогерлердің ел аумағында екенін айтты.

«Ол материалдар бізге түсті. Қазір қылмыстық істі тіркедік. ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан шетелдіктер ұсталды