Блогер Шымкент әкімдігі қызметкерін бопсалап, 10 миллион теңге сұраған

07.11.2025 14:50

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер әрі журналист ұсталған

Polisia.kz

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер әрі журналист ұсталған. Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты