Боран мен тұманға қарсы жаңа шешім: трассаларға лазерлік құрылғы орнатылды

03.04.2026 15:54

Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр

Polisia.kz

Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана – Қарағанды – Алматы республикалық маңызы бар автожолында төмен қарқынды лазерлік жарықтандыру жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Аталған жүйе Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр және Қарағанды – Балқаш бағыты бойынша 7 аркаға 11 лазерлік құрылғы орнатылды.

Жобаның негізгі мақсаты — боран, тұман және көріну нашарлаған жағдайда жүргізушілердің жолды бағдарлауын жақсарту, рөлде қалғып кету қаупін төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. ІІМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және шаршаған күйде көлік басқармауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» акциясы өтеді