«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты

Тұңғыш рет dark-триллер жанрында түсірілген туынды қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қозғайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бүркітші» көркем фильмі қалың көрерменге жол тартты. Тұңғыш рет dark-триллер жанрында түсірілген туынды қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қозғайды, деп хабарлайды Almaty.tv

Кинокартинада қысым мен түрлі қиындықтарға қарамастан, ақиқат іздеуге талпынған әйел тергеушінің өмірі баяндалады. Ал бүркіт сюжеттің ажырамас бөлігіне айналып, оқиға желісімен байланысады. Қуаныш Стахановтың режиссерлігімен түсірілген туындыда басты рөлдерді Зарина Кәрмен мен Берік Айтжанов сомдайды. Сондай-ақ жас актриса Айжан Пернебек үлкен экрандағы дебютін жасады.

Айта кетейік, фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

«Фильмде көтерілетін мәселе көп. Ең алдымен, қоғамдағы өзекті әлеуметтік проблемаларға назар аудардық. Соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы бар. Фильмдегі жәбірленуші – кәмелетке толмаған мектеп оқушысы. Сондықтан бұл тақырыптың салмағы да ауыр. Осындай күрделі мәселелерді кино арқылы көтеріп, көрерменге жеткізу маңызды деп ойлаймын», – деді режиссер Қуаныш Стаханов.

«Шыны керек, бұл рөлге мен ұзақ уақыт дайындалған жоқпын. Әдетте рөлге бекітілген кезде 1-2 ай уақыт берілетін. Кішігірім форс-мажор болып,бір апта қалған кезде рөлге бекітті. Айтылатын оқиға өте ауыр. Жасөспірімдер, балалардың өлімі... Сондықтан түсірілім барысы оңай болған жоқ. Қай күнін алсақ та өте қиын болды», – деді актриса Зарина Кәрмен.

Оқи отырыңыз:  Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды