Былтыр мегаполисте есірткі жарнамасы бар жүзден астам граффити жойылды

14.01.2025 17:02

"НаркоСтоп" жобасына мыңнан аса ерікті қатысты

Былтыр Алматыда "НаркоСтоп" жобасы аясында есірткі жарнамасы бар 127-ден астам граффити жойылды. Оған мыңнан аса ерікті қатысқан. Бұл туралы "НаркоСтоптың" жылдық жұмыс қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Сонымен қатар жоба аясында 5 мыңға жуық жасты қамтыған ауқымды зерттеу жүргізілген. Онда сауалнамаға қатысушылардың 19 пайызы қауіпті аймақта екені анықталыпты.

Ал ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама олардың нашақорлыққа байланысты мәселелерді шешуге дайын емес екенін көрсеткен. 

"Сауалнама көрсеткендей, көптеген ата-ана балаға қолдау көрсете алмайды, үлгі болуға тырыспайды. Көбі өзінің негізгі міндетін түсінбей жатады. Мәселеге тап болған кейбір отбасы алдымен көріпкелдерге жүгінеді немесе тәуелділікті өз бетінше емдеуге тырысып жатады. Білім мен тәжірибенің жетіспеушілігі тәуелділіктің дамуына қолайлы жағдай туғызады", - деді "Наркостоп" жобасының жетекшісі Нұржан Жақыпов.

Оқи отырыңыз: "Қысы-жазы үйге қамаламыз": Маңғыстау облысында тұрғындар жағымсыз иіске шағымданды