Былтыр мегаполисте қорқор пайдалануға қатысты 7 мың заңбұзушылық тіркелген

Рейд барысында бір түнде 100-ден астам адамға айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Алматыда қорқор пайдалануға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заң және тәртіп науқаны аясында жүргізілген рейд барысында бір түнде 100-ден астам адамға айыппұл салынды. Ал темекі өнімдерін қолдану ережелерін бұзуды анықтау кезінде мейрамханалар мен көңіл көтеру орындарынан 96 қорқор аппараты тәркіленген.   

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес қорқор шегушілерге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл сомасы 78 мың 640 теңгеге дейін ұлғаяды. Тексеріс нәтижесінде сондай-ақ, шетел азаматының қорқор әзірлеуші болып жұмыс істеп жүргені анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орындарда зиянды затты шегуге тыйым салатын қаулы 2013 жылдың 14 наурызынан бастап күшіне енген болатын.  

"Түнгі профилактикалық іс-шара аясында бізбен ойын-сауық орталықтары тексеріліп, ол жердегі темекі немесе қорқор бұйымдарын шеккен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 441-бабында көзделгендей, егер де азамат бірінші рет полицияның назарына түскен жағдайда оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады", - деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге жымқырған

Новости партнеров