БЖЗҚ: тіс дәрігерлері заңсыз 15 теміртұлпар сатып алған

22.09.2025 15:49

Қазірге дейін 59 тінту жұмысы жүргізіліп, 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды

Қаржы мониторинг агенттігі Атыраудағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржыны заңсыз жымқырған тіс дәрігерлерінің қымбат көліктерін жариялады, деп хабарлайды Aimaty.tv.

Заңды белден басқан азаматтар зейнетақы салымшыларының ақшасына жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 теміртұлпар сатып алған. Бұдан өзге, жалған құжат жасаған күдіктілер әр пациенттің ақшасынан 10-20 пайыз пайда көріп отырған. Түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 226 дропперді пайдаланып, 200 млрд теңгеден астам ақша шығарған. Қазірге дейін 59 тінту жұмысы жүргізіліп, 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат автокөлік ,сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті іздестіру жалғасуда», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Жезөкшелікке мәжбүрлеген: Астанада қылмыстық топ ұсталды