Ақпаратты e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға болады
Дүкендер карта немесе кьюар арқылы төлем қабылдамаса, шағымдануыңызға құқыңыз бар. Әдетте бұл әрекетке кәсіпкерлер салық төлемеу үшін барады. Ал құқық бұзушылық туралы ақпарат беріп, оны тиісті дәлелдермен растаған азаматтарға сыйақы қарастырылған, деп хабрлайды Almaty.tv.
25 тамыздан бастап бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін елемейтін кәсіпкерлерді анықтауға көмектескен азаматтарға 1 мың теңгеден сыйақы беріледі. Ол үшін мобильді аударым жасалғанын растайтын банк түбіртегін қоса ұсыну қажет.
«Ақпаратты e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға болады. Өтінішке құқық бұзушылық фактісін растайтын фото немесе бейнежазбаны, сауда нүктесінің нақты мекенжайын, күні мен уақытын, егер белгілі болса атауын, сатып алынған тауар туралы мәліметті және төленген соманың мөлшерін растайтын өзге де материалдарды қоса тіркеу қажет», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шешіп береміз: «ҚазАвтоЖол» алаяқтардан сақ болуға үндеді