ChatGPT енді ұзын сызықшаны қолданбайды

17.11.2025 14:04

Бұған дейін чат-бот аударма мен ақпараттық мәтіндерде жиі ұзын сызықша пайдаланатын

Depositphotos.com

ChatGPT енді ұзын сызықшаны қолданбайды. Бұл туралы OpenAI бас директоры Сэм Альтман Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Альтманның айтуынша, егер пайдаланушылар белгілі бір тыныс белгісін қолданбауды сұраса, чат-бот бұл өтінішті орындайды. OpenAI бас директоры мұны шағын, бірақ қуантатын жеңіс деп атап өтті. 

«Егер сіз ChatGPT-дегі жеке нұсқаулықтарыңызда ұзын сызықшаларды қолданбауды айтсаңыз, ол енді шынымен солай істейді!» – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін чат-бот аударма мен ақпараттық мәтіндерде жиі ұзын сызықша пайдаланатын. Көпшілік осы белгі арқылы мәтіннің жасанды интеллект көмегімен жазылғанын аңғарып қоятын.

Дереккөз: Nege.kz

Оқи отырыңыз: Анти Call-орталықтар 70 мыңнан астам алаяқтық қоңырауды тоқтатты