Цифрлық реформалар: жасанды интеллект заңсыз құрылыстың алдын алады

13.02.2026 10:01

2026–2027 жылдары құрылыс пен ТКШ саласы толық цифрландырылмақ

Аlmaty.tv

2025 жылдың соңында құрылыс мониторингіне компьютерлік көру және жасанды интеллект енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Жүйе бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын автоматты түрде салыстырып, құрылыс басталғанға дейін сәйкессіздіктерді анықтайд,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Үкіметтің баспавсөз қызметінен хабарлағандай, бұл бұрын тек кейіннен анықталатын байланыстыру, «қызыл сызықтар» және функционалдық аймақтардағы қателіктерді ерте кезеңде болдырмауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жасанды интеллект қала құрылысы бақылауын қолмен әрі субъективті форматтан жүйелі және болжамды деңгейге көшіреді. Бұл заңсыз құрылыс тәуекелдерін төмендетіп, аумақтық жоспарлау сапасын арттырады.  

Сонымен қатар өткен жылы энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаның жобаларын басқарудың жанама цифрлық платформасы іске қосылды. Ол бастамаларды іріктеуден бастап, іске асыруды мониторингтеуге дейінгі бүкіл циклді бір контурда біріктіреді: өтінімдерді қалыптастыру, EPC-модель бойынша мердігерді анықтау, жобалық құжаттаманы әзірлеу, оффтейк-келісімшарттар мүмкіндігі бар тауарларды сатып алу және орындалуды аналитикалық бақылау.  

2026 жылға арналған жоспарлар  

Жиын барысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов, Иран Шархан және Жәннат Дүбірова 2025 жылғы нәтижелері жөнінде есеп беріп, Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша алдағы кезеңге арналған жоспарларды жан-жақты таныстырды.  

Атап айтқанда, 2026–2027 жылдары құрылыс саласында цифрлық реформаны іске асыру жоспарлануда. Цифрлық трансформация құрылыс үдерісінің барлық кезеңін – жобалаудан бастап «ақылды» пайдалануға дейін қамтитын болады.

ТКШ саласында азаматтарға қызмет көрсетудің бірыңғай цифрлық моделіне көшу жүзеге асырылады. Smart Turmys платформасында 2026 жылы халыққа арналған электрондық коммуналдық қызметтер іске қосылады.

2026–2028 жылдары коммуналдық ресурстарды есептегіш құралдарды жаппай орнату және есепке алу жүзеге асырылады. Бұл су, жылу және электр энергиясы бойынша ақылды есептегіштерді енгізуді және деректерді автоматтандырылған жинауды қамтиды.

2026 жылы «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2,8 мың шақырым су бұру желілерін және 5 мың шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға қарай олардың тозу деңгейі тиісінше 33% және 41%-ға дейін төмендетіледі.

Өнеркәсіпте стандарттарды кезең-кезеңімен бекіте отырып, кең ауқымды цифрландыруға көшу күтілуде. 2026 жылы нормативтік база қалыптастырылып, ал 2027 жылдан бастап цифрлық егіздер өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті стандартқа айналады. Бұл негізгі өндірістік процестердің басқарылатын цифрлық контурға көшетінін білдіреді.

Келесі кезең – геологиялық барлауда Big Data және жасанды интеллектті енгізу. Мақсат – геологиялық деректердің кемінде 90%-ын қамту, архивтерді машина оқитын форматқа көшіру және 3D-визуализациясы бар құрылымдалған ГАЖ-база құру. Бұл шашыраңқы деректерден интерактивті үш өлшемді жер қойнауы картасына көшуге және жасанды интеллект шешімдерін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен толық интеграциялауға мүмкіндік береді.

Министрлік тарапынан 2026–2030 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарын және тоқыма өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасын бекіту, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Құрылыс пен өндірістегі рекордтық өсім: бір жылғы қорытынды көрсеткіштер жарияланды