Цифрлық технология: Олжас Бектенов көмір кен орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді тапсырды

07.04.2026 13:42

Жұмысты қадағалау және үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді

Almaty.tv

Олжас Бектенов көмір кен орындарында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көмір кеніштерінде көмір өндірудің дәстүрлі технологиялары әлі де қолданылатынын атап өтті. 

«Көмірді ашық әдіспен өндіру дәстүрлі технологиялар негізінде, көбінесе ескірген жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Бұл көмір кен орындарын игеру тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне де әсерін тигізеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Премьер-министр Энергетика министрлігіне кәсіпорындармен бірлесе отырып, ЖИ көмегімен көмір өндіру тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

«Энергетика министрлігі көмір өнеркәсібі кәсіпорындарымен бірге цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бір ай ішінде көмір өндіру тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс», — деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Жұмысты қадағалау және үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағының ең төмен жеткілікті шегі қайта қаралады