«Ақпараттық-ресурстық орталық» қорының биылғы жұмысы қорытындыланды
Алматыда азаматтық орталықтар мен қоғамдық ұйымдардың байланысы нығая түспек. Бұл жөнінде «Ақпараттық-ресурстық орталық» қорының биылғы жұмысын қорытындылау барысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған орталық 20 жылдан бері үкіметтік емес ұйымдардың сенімді серіктесіне айналып, қала белсенділеріне білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ негізгі дағдыларды үйретіп, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына көмектеседі. Бүгінгі өткен іс-шараның да негізгі мақсаты – қоғамдық ұйым өкілдері арасында тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастырып, маңызды бастамаларды әзірлеу үшін ашық платформа құру.
«Мемлекеттік емес ұйымдардың академиясы барлық санатты қалай ұйымдастыру керек, әдістемені көрсетіп, үйретті. Біз ары қарай жылжыдық. Қазақстан аумағында жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті Марат Қалимолдин.
«Келесі 5 жылдықта не қоғамды, не адамдарды танымай қаламыз. Уақыттың зымырауымен адамдардың сана сезімі өзгеріп бара жатыр. Сондықтан сана сезімге қарау керек, жастарға тәрбие беру керек», – деді отбасын әлеуметтік қолдау орталығының директоры Ғалия Бәкірова.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері қазақстандықтардың ерікті зейнетақы жарналары 30%-ға өсті