«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасып жатыр

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мемлекеттік сыйлыққа еліміздің 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлағандай, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Мемлекеттік сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Конкурсқа қатысуға құжат 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады.

Құжаттың электронды нұсқас daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Алты жылда елімізде тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді