Дауысы жоқ қой: тойда конкурсқа қатысқан Қайрат Нұртас ұятқа қалды

instagram.com/kair_n
instagram.com/kair_n

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың ән айтуын сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал әнші Қайрат Нұртас тойлардың бірінде өткен конкурста ән орындап, сынға ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желіде тараған видеоға қарағанда, әншінің айналасында бірнеше блогер жүргені байқалады. Бұл жуырда үйленген Жанабіловтердің тойында өткен конкурс болуы мүмкін деген болжам бар.  

Алайда желі қолданушылары Қайрат Нұртастың ән айтуын сынға алып, оның өнерін түрлі пікірлермен бағалады.  

«Дауысы жоқ қой, сахнада қалай жүр?», «Айтуын айтты, ұялуын біз ұялдық», «Сөзін білмейді ғой», «Не болды сонша бақырып?» деген секілді пікірлер көптеп жазылды.  

Әншінің бұл орындауы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әртүрлі реакция тудырды.

Дереккөз: El.kz 

Оқи отырыңыз: Есірткі шеккен тұрғын мектептің терезесін сындырған

Новости партнеров