Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жеткен
Қарағанды облысында екпінді жел бірнеше нысанға залал келтірді, деп хабарлайды Almaty tv.
Дауыл салдарынан қалада үш тұрғын үйдің шатыры ұшып, аулада тұрған жеңіл көлікке зақым келген. Сондай-ақ Абай қаласында, Осакаров ауданы мен Қарқаралыда да тұрғын үйлердің шатыры бүлінген. Бұдан бөлек, №2 қазандық аумағында пайдаланылмай тұрған мұржа құлаған.
Синоптиктердің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жеткен. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Оқи отырыңыз: Алматыда 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында ауа райы қандай болады