Декларация құқықтық мемлекет пен ел заңнамасының негізін қалады - Алуа Ибраева
1990 жылғы Егемендік декларациясы тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға жол ашты
Республика күні қарсаңында өткен ғылыми-практикалық конференцияда Алуа Ибраева сөз сөйлеп, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Декларацияда құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары, билікті бөлу ұстанымы, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, сондай-ақ халықтың мемлекеттік биліктің бастауы ретіндегі мәртебесі бекітілді.
«Декларацияда кейіннен еліміздің заңнамалық жүйесінің қалыптасуына негіз болған аса маңызды идеялар көрініс тапты», - деп атап өтті Алуа Ибраева.
Оның айтуынша, Республика күні - тек ұлттық мереке емес, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізін қалаған тарихи оқиғаларды еске алып, олардың мемлекеттің дамуы үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін күн.
Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне арналған флешмобқа 1 мың жас қатысты