Менің елім – менің туым: Алматы облысында акция басталды

22.10.2024 16:50

25 қазанға дейін жалғасатын акцияға тұрғындар да қатысып, көк байрақты көпке таныта алады

Алматы облысында Республика күні қарсаңында «Менің елім – менің туым» акциясы бастау алды. Оның аясында облыстағы көпқабатты үйлердің балкондары мен қоғамдық орындарда 500-ге жуық мемлекеттік ту ілінбек, деп хабарлайды Almaty.tv.

«AMANAT» партиясы өңірлік филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған науқанның мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күшейту. 25 қазанға дейін жалғасатын акцияға тұрғындар да қатысып, көк байрақты көпке таныта алады.

Оқи отырыңыз: Менің Отаным – Қазақстан: Алматыда оқушылар арасында сурет байқауы өтті