Полицейлер банкомат жанында телефонмен сөйлесіп тұрған абдыраған зейнеткерлерге ерекше назар аударады
ТРЦ-дегі банкоматтар маңында кезекшілік атқарған тәртіп сақшылары зейнеткерлерді миллиондаған теңгеден айырылудан сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада жаңа алгоритм жұмыс істей бастады: сауда-ойын-сауық орталықтарындағы банкоматтар маңында полицейлер мен күзет қызметкерлері кезекшілік атқарады. Олар, әсіресе, ақша аударғалы тұрған, абдыраған немесе телефонмен сөйлесіп тұрған егде жастағы азаматтарға назар аударады.
Бір жағдайда 74 жастағы әйел «айна-шотқа» 500 мың теңге аудармақ болған, бірақ полицей дер кезінде араласып үлгерді. Тағы бір оқиғада 75 жастағы зейнеткер әйел «ұлы мен немересі» атынан келген қоңыраудан кейін банкоматқа барған. Күзетші күмәнді жағдайды байқап, бірден полиция шақырған.
Үшінші жағдай ең күрделісі болды: егде жастағы ерлі-зайыпты алаяқтарға 1,5 миллион теңге аударып қойған және тағы 4,5 миллион теңге жібергелі тұрған жерінен полицейлер тоқтатты.
Барлық факті бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, бұл алгоритм өз тиімділігін көрсетті және оны әрі қарай жетілдіріп, кеңінен енгізу жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Отандық өнім: Қазақстанда ойыншық өндірісі қалай дамып жатыр