Диас Ахметшәріптің жағдайы белгілі болды

08.05.2025 09:20

Журналист Д Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында

Фото жеке парақшасынан алынды

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір журналист ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

«Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Басқа ақпарат науқастың туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайды», – делінген хабарламада.

Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түскен.

Оқи отырыңыз: Баянаул ауылының тұрғынын дәрігерлер ми тамырының жарылуынан сақтап қалды