Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады