Димаш Құдайберген: Кәсіби мансапты ұзақ мерзімге жоспарлау керек

09.09.2026 21:57
Almaty.tv

Әлемдік деңгейге шығуды көздеген өнер адамы қысқа мерзімді пайдаға емес, ұзақ мерзімді мақсатына мән беруі керек. Бұл туралы әлемдік әнші Димаш Құдайберген Astana Finance Days аясындағы панельдік сессияда айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол сұхбат барысында қазақстандық өнерпаздардың әлемдік сахнаға шығуы үшін не маңызды екеніне тоқталды.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ең алдымен өнер адамы өз жолын таңдап, соған сенуі керек. Қаржылық жағынан тиімді көрінген әр мүмкіндік үшін бағытын өзгерте беру ұзақ мерзімді мақсатқа кедергі келтіруі мүмкін.

"Өз жолыңмен жүру керек. Өзіңе сену де өте маңызды. Қысқа уақытта қаржылық пайда әкелетін мүмкіндік пайда болды екен деп бағытыңды өзгерте бермеу керек", – деді ол.

Әнші кәсіби мансапты басқаруда ұзақ мерзімді жоспардың маңызына тоқталып өтті.

"Кәсіби мансапты басқару дегеніміз – ұзақ мерзімді ойлау. Бүгін тиімді болып көрінгені үшін әр ұсынысты қабылдай беруге болмайды. Қандай мақсатқа қарай келе жатқаныңды әрдайым есте ұстау керек", – деді Димаш Құдайберген.

Оның пікірінше, халықаралық деңгейге шығу үшін талантпен қатар өзіне сену, нақты мақсат және сол бағыттан айнымау маңызды.

Оқи отырыңыз: Инвестиция мен токенизация: Астанадағы халықаралық форумда ел экономикасына қаржы тарту жолдары қаралды

Толық көрсету