30 шілдеде Жапония радиостансасы Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын эфирге шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бағдарламаның басты жаңалығы – әншінің Aqerke атты жаңа композициясының Жапония радиосындағы тұсаукесері. Бұл ән алғаш рет эфирде тыңдарманға жол тартады.
Радиостанса 2020 жылдан бері Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын жапон тыңдармандарына тұрақты түрде насихаттап келеді. Осы уақыт аралығында өнерпаздың жаңа әндері эфирден үздіксіз беріліп, оған арналған бірнеше арнайы шығарылым ұйымдастырылған.
Кезекті Dimash Special бағдарламасы Dimash Japan Fan Club жанкүйерлер клубының қатысуымен әзірленді. Эфир барысында Aqerke әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары ұсынылады.
Дереккөз: Aikyn.kz
Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында 28 әлеуметтік нысан салынып жатыр