Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

dimashnews.com
dimashnews.com

Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, Димаш Құдайберген Қырғызстанда "Мейкин Азия" фестивалінде өнер көрсеткен.

"Фестиваль қорытындысында Мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов Құдайберген Дінмұхаммедке (Димаш Құдайбергенге) – Қазақстан әншісі, композиторына – Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағын табыс етті", – делінген хабарламада.

Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші. Ол 2015 жылы "Славян базары" байқауындағы жеңісінен кейін және 2017 жылы Қытайдағы "Singer" шоуына қатысқаннан кейін танымал болды.

Оқи отырыңыз: Павлодарда полиция синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қойды

Новости партнеров