Димаш Құдайберген әлемге танымал әншімен Лондонда өнер көрсетеді

10.05.2025 14:32

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланған

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланған. Концерт Лондондағы OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

"Екі феномальды әртіс", - деп жазылған парақша хабарламасында.

Айта кетейік, жуырда Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жаңа бейнебаяны туралы хабармен тыңдарманын қуантты.

"Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" - деді әнші.

Әнші челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде "tauishindechallenge" хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау керек деп түсіндірді .

Өнерпаз челлендждің қорытындысын 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде шығаратынын атап өтті.

"Жүлде - жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", - деп жазды Димаш.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне анасының аманатын жеткізді