Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне анасының аманатын жеткізді

09.05.2025 20:04

Әнші үйде жүріп суретке түсуге өзі сұранып, сол сәттің себебін де түсіндірді

Фото Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан алынды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнші үйде жүріп суретке түсуге өзі сұранып, сол сәттің себебін де түсіндірді.

«Үйде жүріп, суретке түсуге өзім сұранатын сәттер өте сирек болады. Бірақ осы жолы сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді. Fнам бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме жүрек жарды алғысын айтып, сіздердің үздіксіз қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін ерекше ризашылымды жеткіз деді. Сіздерге шын ниетпен сәлем жолдап, әрқайсыңызға бақыт, денсаулық және бейбіт өмір тілеймін», – деп жазды Димаш.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинованы «ана» деп атайтыны көпшілікке мәлім.

Оқи отырыңыз: Тау ішінде: Димаш Құдайберген жаңа әніне челлендж жариялады