Димаш Қырғызстандағы фестивальде ақысыз өнер көрсетеді

әлеуметтік желіден алынды
әлеуметтік желіден алынды

Ол IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Димаш Құдайберген Қырғызстанның IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев әлеуметтік желіде хабарлады.

«2013 жылы “Мейкин Азия” байқауының алғашқы гран-при иегері фестивальге он екі жылдан кейін алғаш рет келіп отыр!» — деп жазды ол.

Биылғы сапардың ерекшелігі — Димаш өзінің өнер көрсетуі үшін гонорардан толықтай бас тартқан.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші бұл фестивальде ақысыз өнер көрсетеді.

«Димаш бұл фестивальге жүрек қалауымен келіп отыр. Ол өз өнері үшін ешқандай гонорар сұраған жоқ», — деп мәлімдеді.

Дереккөз: Qaz365.kz

Новости партнеров