Діндер көшбасшыларының съезінде нейрожелінің пайдасы мен кері әсері талқыланады

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден 100-ден астам делегация келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде жасанды интеллект тақырыбы талқыланады. Бұл туралы конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлемдік дін өкілдері нейрожелінің пайдасы мен кері әсері туралы ойларын ортаға салып, діни этиканың сақталуы, әсіресе ғаламтор кеңістігінде оны қалай дұрыс жүргізу мәселесін қозғайды. Сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымының Өркениеттер альянсы діни нысандарды қорғау жайын талқылайды.

«Қазіргі таңда көптеген әлемдегі тарихи нысандар, жаңағы айтқан діни нысандардың барлығы құрдымға кетіп жатыр. Не болмаса соғыстардың нәтижесінен зардап шегіп жатыр. Ол қаншалықты сол жердегі мекендеген халқы үшін қажет?  Осы мәселелер сессияда талқыланады», – деді Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының бас кеңесшісі Саманта Болатқызы.

Елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден 100-ден астам делегация келеді. Ауқымды іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Пленарлық отырыс болады. Биылғы съездің тағы бір ерекшелігі былтыр бастау алған жас діни лидерлерінің форумы өтеді. Оның мақсаты – жас діни лидерлер арасындағы диалог үшін халықаралық алаң құру, тәжірибе алмасып, рухани құндылықтарға негізделген өзекті мәселелерді бірлесіп шешу.

«Үнемі аға буынды жинап келген болсақ, былтырдан бері жас діни лидерлерді шақырып жатырмыз. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық орнату керек.  Жас лидерсалаға қосылып жатыр», – деді Саманта Болатқызы.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауындағы қала дамуының басым бағыттарын атап өтті

 

 

Новости партнеров