Іс-шараға дінтану, психология, саясаттану, социология саласының мамандары қатысты
Діни экстремизмнің алдын алу – маңызды міндет. Алматыда дәл осындай атаумен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға дінтану, психология, саясаттану, социология саласының мамандары қатысты. Олар халық арасында жат ағымның таралуы мен оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ радикалданған тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеу әдістерін талқылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай жиын қоғам қауіпсіздігін нығайтып, жастарды жат ағымнан қорғауға септігін тигізеді.
«Павлодар өңірінен, екіншісі Алматы қаласынан 2 маман келеді. Олар діни экстремизммен, терорризм саласын зерттеген. Теория жағынан ақпараттық талдау тобының мүшелеріне түсіндіреді. Қандай өзгерістер бар, қандай тәсілдер бар, солардың барлығын талқыланады», – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.
Оқи отырыңыз: Сандар сөйлесін: 2025 жылғы Алматыдағы туристік рекорд