Павлодар облысында жалған нөмірлер қолданған жүргізушілерге шара қолданылды (видео)

12.01.2026 10:04

Сонымен қатар, 16 адам мас күйінде көлік басқарған

Depositphotos.com

Павлодар облысында «Жалған нөмір» атты жедел-профилактикалық іс-шара аясында аймақтағы жолдарда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланған 12 жүргізуші тоқтатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv..

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін барлығы 431 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:

  • 141 жүргізуші — оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік басқарған;

  • 23 жүргізуші — нөмірсіз көлік басқарған;

  • 12 жүргізуші — жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланған;

  • 118 жүргізуші — көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданған;

  • 119 жүргізуші — қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Сонымен қатар, 16 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған. Қатаң жол ережесін бұзған 32 көлік арнайы тұраққа қойылды.

— Рейдтік іс-шаралар «Жалған нөмір» ОПМ аясында өткізіледі. Мысалы, Омск–Майкапчагай трассасында КамАЗ көлігін жүргізушісі талаптарға сай емес жалған нөмірлерді қолданғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ, УАЗ автокөлігін жүргізуші қала ішінде талапқа сай емес нөмірлермен жүрген. Екі жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері процессуалды шешім қабылданғанға дейін арнайы тұраққа қойылды, — деді Павлодар облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бакибай Ахмедьянов.

Полиция ескертеді, жалған немесе өзгертілген мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану жол қозғалысы ережелерін қатаң бұзу болып саналады және заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жолдағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған.