Дропперлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

16.09.2025 13:39

Аталған норма киберқылмыстарға қарсы күресті күшейтуді көздеп отыр

Depositphotos.com

Елімізде дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Енді өзінің банк картасын, шотын немесе жеке деректерін басқа біреуге ақша үшін берген адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ заңсыз төлемдер жасап, қаражат аударатындар да, қылмыстық жолмен алынған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратындар да жазаға тартылады.

Аталған норма киберқылмыстарға қарсы күресті күшейтуді, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюды көздейді. 

Оқи отырыңыз: Баюдың схемасы: талдықорғандық жеке сот орындаушы балаларды алиментсіз қалдырған