Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді
Дропперлік – қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл – үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.
Қара ниеттілер азаматтарды алдап, “жеңіл табыс» ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.
Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:
Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.
Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!
Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылуда