Дженнифер Лопестің Астана әуежайындағы видеосы тарады

31.07.2025 15:05

Әйгілі жұлдыздың халыққа қол бұлғап жатқанын көруге болады

Видеодан кадр

Желіде Астанаға келген Дженнифер Лопестің әуежайдағы видеосы тарады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.   

Видеодан әйгілі жұлдыздың күзетшілерімен жүргенін және халыққа қол бұлғап жатқанын көруге болады. 

Естеріңізге сала кетсек, 1 тамызда әлемге танымал америкалық әнші Дженнифер Лопес Астана-Аренада концерт қояды. 

Айта кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылған. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.

Одан кейін ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің концертіне ертерек келуді ескертті. 

“Бұл біздің осындай деңгейдегі алғашқы концертіміз екенін ескерсек, стадионға қай уақытта келу керек екені өзекті сұрақ. Егер 25 000 адам сағат 19:00-ге бір уақытта келсе, "Астана Аренаның" кіреберісі барлық көрерменнің жылдам өтуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан есік сағат 16:30-да ашылады. Әр көрерменнің кіру процесі уақыт алады, оны көрермендер санына көбейтсек – кемінде 3 сағат кетеді. Сондықтан ертерек келуді өтінеміз", – дейді ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз: Пойыз бен ұшақ бағасы қымбаттайды