Эбола вирусы елімізде тіркелген жоқ - ДСМ

20.05.2026 13:39

Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, сондай-ақ олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы таралады

Эбола вирусының өршуіне себеп болған Bundibugyo штаммына қарсы нақты ем де, арнайы вакцина да жоқ. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Уганда аумағында тіркелген Эбола қызбасының таралуына байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, сондай-ақ олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы таралады. Індет ауқымының кеңеюіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеме жасап, қазір Эбола вирусының Қазақстанға және Орталық Азия елдеріне таралу қаупі төмен екенін хабарлады. Дегенмен сақтық шаралары күшейтіліп, еліміздегі әуежайларда санитарлық бақылау қатаңдатылған. Жауаптылар жағдай тұрақты бақылауда

«Қазақстанда қауіпсіздік мәселелеріне, сақтық шараларына көңіл бөлінуде. «Эбола» қызбасы Қазақстанда тіркелген жоқ, Бұған қарамастан, «Эбола» бойынша қолайсыз елдерден келіп жатқан тұлғаларға, туристерге қатысты санитариялық карантиндік бақылауды күшейтіп отырмыз», – деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде туризмге тартылған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты