Екеуі көз жұмды: Ақтөбеде ер адам үш адамды кепілдікке алып, пышақ жарақатын салған

14.01.2025 19:12

Оқиға қаладағы жеке үйлердің бірінде тіркелген

Ақтөбеде кепілдікке алынған 3 адамның екеуі алған жарақатынан көз жұмды. Ал енді біреуі ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Оқиға кешке жақын қаладағы жеке үйлердің бірінде тіркелген. Құқық қорғаушылардың дерегіне сүйенсек, орталыққа қоңырау түсе салысымен, қызметкерлер бірден оқиға орнына аттанған. Алайда, басқаның баспанасына баса-көктеп кірген күдікті нақты талап қоймаған. Ұзақ уақытқа созылған келіссөз нәтиже бермегендіктен, шабуыл жасау туралы шешім қабылданған. Соның нәтижесінде, күдікті ұсталып, 1984 жылғы әйел тұтқыннан босатылған. Оған қазір дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Ал пышақ жарақатын алған екі адамның бірі жолда, екіншісі реанимация бөлімінде қайтыс болған.  

"Келіссөз 3 сағатқа созылды. Күдікті кепілге алынған адамды босатудан бас тартқандықтан арнайы операция жүргізілді. Азаматша дер кезінде тұтқыннан босады. Ал іздестіру жұмысының нәтижесінде жертөледен кепілге алынған әйелдің ата-анасы табылды. Олар пышақ жарақатын алған", - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов.     

Оқи отырыңыз: "Қысы-жазы үйге қамаламыз": Маңғыстау облысында тұрғындар жағымсыз иіске шағымданды