Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан жеңіл көліктің қатты мыжылып, тас-талқаны шыққанын көруге болады
Түркістан облысында жеңіл автомобиль екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалған. Жантүршігерлік жол апаты Алматы – Термез – Ташкент автожолында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан жеңіл көліктің қатты мыжылып, тас-талқаны шыққанын көруге болады. Салдарынан екі адам жарақат алған. Әсіресе жүргізушінің жағдайы ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ақ халаттылар науқас бірнеше жерінен жарақат алғанын айтты. Ал полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай заң аясында тиісті шешім қабылданады.
"Науқас Сайрам аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне түсті. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Аурухана тарапынан барлық қажетті қарқынды ем шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Жаңа туған баласын қоқысқа лақтырған полицейлер шенінен айырылып, сотталды