Екібастұзда аулада бірінші сынып оқушысын көлік қағып кетті

21.09.2026 18:11

Марқұмның туыстарының айтуынша, балақай достарымен аулада велосипед теуіп жүрген

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік 6 жастағы баланы қағып кетті. Бір ай бұрын ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға демалыс күні болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, балақай достарымен аулада велосипед теуіп жүрген. Ал жеңіл көлік жүргізушісі жол белгілеріне қарамастан жылдамдықты асырған. Салдарынан бала көлік астында қалып қойған. Жедел жеткен дәрігерлер оның сол жерде жан тапсырғанын айтады. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді. Ал көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу барысы тікелей департамент басшылығының бақылауында», – деді Полиция басқармасы басшысының орынбасары Қанат Кәрімжанов.

Оқи отырыңыз: 300 миллион теңге несие қаражаты мақсатсыз жұмсалған

Толық көрсету