Экипаж мүшелері түтіннің иісін сезген: Алматы әуежайына қайта қонған ұшақты тексеріп жатыр

17.12.2025 13:52

Жолаушылар сағат 10:15-те басқа ұшақпен елордаға жол тартты

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Апаттық жағдай бүгін таңғы 07:38-де тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экипаж мүшелері салоннан түтіннің иісін сезіп, қауіпсіздік талаптарына сай дабыл белгісін іске қосқан. Осыдан кейін ұшақ бағытын өзгертіп, Алматы әуежайына қайта қонды. Авиакомпания өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар сағат 10:15-те басқа ұшақпен елордаға жол тартыпты.

«Ұшақ штаттық режимде 7:40 та Алматыға қонды. Жолаушыларға ыстық және салқындатылған сусындар, тіске басарлар ұсынылды. Олар сағат 10:15-те басқа ұшақпен Алматыдан – Астанаға аттанды. Осы оқиғаға байланысты техникалық тексерістің рәсімі жүргізіліп жатыр», – деді  «Air Astana» әуекомпаниясының ресми өкілі Тілек Әбдірахымов.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді