Экологиялық тазалық: елде 177 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Министрлік қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгудің алдын алуға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс жерлерге ағызу фактілерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл бес айда 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 177 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді (қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу).

Тиісті шаралар қабылдау үшін экология департаменттері, жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға 58 материал жолданды.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді.

Оларды қарау нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, елдімекендердің тазалығын қолдауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда дағыстандық донор мен кішкентай реципиенттің кездесуі өтті

Новости партнеров