Қазақстандық садақшылар әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңін алтыншы орынмен аяқтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері кезекті рет үздік он спортшының қатарына енді.

Виктория Лян мен Ақбаралы Қарабаев блокты садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыста Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына дейін жетті.

Бұл кезеңде қазақстандық мергендер Мексика құрамасымен кездесті.

Тартысты бәсекеде қарсыластар 158:155 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды хаттамада Лян мен Қарабаев алтыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшылар Малайзия мен Германия командаларын жеңген болатын.

Бұған дейін әйелдер арасындағы командалық жарыста Виктория Лян, Диана Юнусова және Адель Жексенбинова жетінші орын алды.

Ал ерлер арасындағы осы бағдарламада Ақбаралы Қарабаев, Мұса Ділмұхамет және Андрей Тютюн оныншы нәтиже көрсетті.

Оқи отырыңыз: Экологиялық тазалық: елде 177 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Новости партнеров