Ел болашағы – әр азаматтың саналы таңдауы: ғалымдар сайлауда белсенді болуға шақырды

29.07.2026 19:42

«Құрылтайдан көп үміт күтеміз». Алматылық ғалымдардың пікірі осындай. Олардың айтуынша, алдағы сайлау – азаматтардың ел келешегіне қатысудың бір жолы. Олар әр адамның өз таңдауын саналы түрде жасағаны маңызды екенін айтты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Мамандар қоғам мүддесін қорғайтын бастамалар ұсынатын, түрлі әлеуметтік топтың үнін жеткізе алатын өкілдердің сайлануы – ел болашағына тікелей әсер ететін салмақты қадам екенін айтады. Сондықтан әр азамат үміткерлер ұсынған бағдарламалармен жіті танысып, өз таңдауын жауапкершілікпен жасауы қажет.

«Құрылтайдан көп үміт күтеміз. Осы сайлаудың барысында елімізге, әлеуметке, жастарды көтеретін, қолдайтын заңдар шығаратын азаматтарды таңдауымыз керек. Сондықтан әркім өзінің таңдауын жасауға міндетті», – деді Satbayev university профессоры Ерік Бесімбаев.¤

«23 тамызда елімізде сайлау өтеді. Меніңше, сайлау – әр азаматтың таңдауын жасауға мүмкіндік беретін маңызды саяси үдеріс. Ең бастысы – әр адам барлық ақпаратпен танысып, ұстанымына сай саналы шешім қабылдағаны дұрыс. Әркімнің таңдауы – өз еркінде. Азаматтардың белсенділігі және жауапкершілігі қоғамның дамуына ықпал етеді деп ойлаймын», – деді Satbayev university аға оқытушысы Салтанат Жұмабаева.

Оқи отырыңыз: Ата заң – ұрпақтар сабақтастығы: Атырауда ардагерлер жастармен кездесті