Ел болашағын айқындаған Жолдау: Атом энергетикасы мен инвестициялық ахуал жаңа сатыға көтеріледі

Сарапшылардың пікірінше, уранның стратегиялық қорын қалыптастыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстанда атом электр станцсаларын алдағы 100 жыл бойы шикізатпен қамтамасыз ететін уранның стратегиялық қорын құру қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сондай-ақ Президент келер жылы «Балқаш» атом электр стансасының құрылысын бастауды және «Мойынқұм» АЭС-ін салуға қатысты келісім жасауды ұсынды. Сондай-ақ шетелдік серіктестердің көмегімен отандық атом мамандарын даярлап, жоғары технологиялық өндірісті дамыту қажет екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, уранның стратегиялық қорын қалыптастыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, атом электр стансаларын ұзақ мерзімге отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

"Дәстүрлі энергетикалық көздерге қарағанда АЭС станциялары, уран өндірісі секілді негізгі бағыттар бізде дамуда біртіндеп кенже қалған болатын. Мемлекет басшысы Жолдауда осы бағыттар энергетикалық тәуелсіздік, энергетика саласын экономикалық міндет тұрғысынан қайта қарау, сонымен қатар қоршаған ортаға залалын тигізбеу мәселелері тұрғысынан өте жақсы бастама көтерді", - деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.    

Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Алатау қаласында инвесторлардың құқығын қорғайтын арнайы сот жүйесін құруды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шаһардың халықаралық инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жол ашады. Осыған байланысты Үкіметке 2027 жылдың қаңтар айының соңына дейін тиісті заңнамалық түзетулерді Құрылтай қарауына енгізу тапсырылды. Басты мақсат – кәсіпкерлердің мүддесін қорғап, Алатауға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау. 

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге нақты тапсырма берді. Солардың Алатау қаласындағы басталып жатқан үлкен инвестиция жайында және оның маңызын атап көрсетті", - деді техника ғылымдарының докторы, профессор Ерік Бесімбаев. 

Оқи отырыңыз: Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді