Министрлік биыл бизнеспен, өндіріспен жасалған жобалардың үлесін 20 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 3 есе өскен. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру үшін мыңға тарта ғалым әлемнің жетекші орталықтарында тағылымдамадан өтіп, материалдық-техникалық базаның 14 пайызы жаңартылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысы күшейе түскен. Министрлік биыл бизнеспен, өндіріспен жасалған жобалардың үлесін 20 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Республикалық бюджеттен екі мыңнан астам жоба мен 162 ғылыми-техникалық бағдарлама қаржыландырылған. Одан бөлек, саланы толық цифрландыру үшін бірыңғай цифрлық ғылым порталы іске қосылған.
«Ғылым қорының рөлі күшейтілді. Ғылым қоры тек грант беріп қана қоймайды, енді жобаларды дамытуға венчурлық қаражыландыруды әкелуге көмектеседі. Ғалымдарымыз ірі компнаияларға барып, бірге жұмыс істейді. Арнайы ғылыми-технологиялық сессияларды ұйымдастыратын болдық. 2024 жылы осындай 9 кездесу өтті. Оған 400-ден астам маман қатысты», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз: Азаматтардың 75,9 пайызы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен