Елде тұрғын үй кезегіне қоюдың жаңа тәртібі енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде тұрғын үй кезегіне қоюдың жаңа тәртібі енгізіледі. Енді жылжымайтын мүлікте 50 және одан да көп пайыз үлесі бар азаматтар бұл тізімге енбейді. Дегенмен, бұл талап бұрын есепке алынып қойғандарға қолданылмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар әлеуметтік баспана алу ережелері де өзгерген. Бұдан былай, пәтер көпбалалыларға үйдің шаршы метрі емес, бөлме санына қарай берілетіні рас па? Осы және өзге де сұрақтарға студия қонағы «Отбасы банкі» акционерлік қоғамының PR-менеджері Мархабат жауап береді.

–  Мархабат Досымханқызы, құжатқа енгізілген түзетулер тұрғын үй кезегін жеңілдете ме? Әлеуметтік баспаналарға қандай басымдық берілген?

«Жалпы 1,5 жыл ішінде «Отбасы банк» арқылы 40 мыңға жуық отбасы өзінің қоныс тойын тойлады және де 10 мыңдаған отбасы өзінің жекеменшік баспанасына  қол жеткізді деп айта аламыз. 2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап осы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана алу ауқымын кеңейту мақсатында бірқатар өзгерістер орындалғалы жатыр. Атап айтатын болсақ, жетім балалардың құқықтарын қорғау күшейтіледі. Сондай-ақ осы уақытқа дейін тұрғын үй шаршы метріне қарай бөлінетін болса, енді бөлме санына қарай бөлінетін болады. Мысалы көп балалы отбасыларға 90-100 шаршы метрлік тұрғын үй тиесілі болғанмен барлық өңірлерде осындай ауқымды шаршы метрдің жеткіліксіз жағдайы кездесетін. Сол себепті отбасы мүшелеріне байланысты бөлме санын бөлу, оңды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ отбасы мүшесінің санын кеңейтуде, мысалы ата-анасыда жәнеде бір отбасы ерлі-зайыпты балаларымен жеке меншігінде баспанасы жоқ болса, ол кісілер бірігіп кезекке тұру мүмкіндігіде қарастырылып жатыр. Өзгерістер тұрғын үй кезегінде тұрған, мұқтаж азаматтардың басым бөлігін баспанамен қамтамасыз ететі деп күтіп отырмыз».

– Апатты жағдайдағы үй иелерін жергілікті әкімдік баспанамен қамтамасыз ететіні айтылған. Олар кезектен алынып тастала ма?

«Апатты жағдайдағы жалғыз тұрғын үйі бар азаматтар жергілікті әкімдіктің коммуналдық тұрғын үй қоры жаңа тұрғын үйлерді бөледі. Сонымен қатар олар «Отбасы банкінің»  электронды порталындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету қоры базасындағы кезекке міндетті түрде тіркелуі керек. Бұл өзгеріс те 14 қыркүйектен басталады».

Оқи отырыңыз: Құжаттар қабылданбады: Атырауда ата-аналар мемлекеттен берілетін көмекті неге ала алмай отыр