Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды алаң

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды алаң. Сондықтан оның құрамына мемлекетіміздің дамуына үлес қосып, елді дұрыс бағытқа бастайтын білікті әрі жауапты тұлғалардың келуі маңызды. Бұл – сайлауға қатысты алматылық білім беру саласы мамандарының пікірі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Олардың айтуынша, құрылтай депутаттарын таңдау – әрбір азаматтың міндеті.

«Құрылтай – болашақ мемлекетіміздің заң шығарушы органның тірегі. Сондықтан  дұрыс бағытқа жетелейтін тұлғалардың келуі өте маңызды. Құрылтайдың мүшелерін әрбір қазақстанның азаматы дұрыс таңдау жасап, дауыс беруі тиіс деп ойлаймын», – деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі Жазира Қырбаева.

 «Құрылтай – заң шығарушы орган. Қазақ хандығы тұсындағы Құрылтаймен салыстырғанда, онда елдегі барлық мәселелерді шешуді – басты мақсат тұтса,  қазіргі таңдағы құрылтайда заң шығарушы орган қызметін атқарады», – деді Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлнұр Төлеген.

Оқи отырыңыз: Алматыда Құрылтай сайлауына арналған сараптамалық отырыс өтті