Елдегі жастар саясаты: 6 миллионға жуық жасты қолдау шаралары қалай жүзеге асуда

12.08.2026 16:58

Соңғы 5 жылда білім гранттарының саны 1,5 есеге артты

Қазақстанда жастарды қолдауға бағытталған шаралар нәтижесін беріп келеді. Бүгінде елде 6 миллионға жуық жас бар, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Бұл – халықтың үштен біріне жуығы. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Атап айтсақ, соңғы 5 жылда білім гранттарының саны 1,5 есеге артты. Ал білім мен ғылымға салынатын инвестиция көлемі 5 еседен астам өсіп, бюджет 3 есеге ұлғайды. Жастарды жұмыспен қамту бағытында да оң динамика бар. Кейінгі бес жылда 1,4 миллионға жуық адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Нәтижесінде NEET санатындағы жастар саны азайған. ¤

«Атқарылған жұмыстың нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі біртіндеп азайып жатыр. 2023 жылы бұл көрсеткіш 7,3 пайыз болса, 2024 жылы 6,5 пайыз, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз төмендеді. «Отбасының цифрлық картасы» дерегіне сәйкес, 2026 жылғы шілдеде NEET санатындағы жастар саны 102 295 адамды құрады. Бір жыл ішінде олардың саны 7 328 адамға азайды», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Оқи отырыңыз: Магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды

Толық көрсету