Электр энергиясының тарифі қайта қарастырылуы мүмкін

28.10.2024 21:49

1 қарашадан бастап еліміздің бірқатар өңірінде электр энергиясының бағасы қымбаттайды. Өзгеріс Энергетика министрлігінің 2024 жылғы 21 қазандағы бұйрығына сай жүзеге аспақ. Нақты қай өңірлерде өсім байқалмақ? Бағаның көтерілуіне не әсер етіп жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласын дамыту департаменті басқармасының басшысы Заида Максурина жауап береді.

Электр энергияның бағасы энергия өндірушілердің, энергия беруші ұйымдардың және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың бағасынан құралады. Өз кезегінде Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифін 7 жылдық кезеңге бекітеді. Электр энергетикасы туралы заңға сәйкес, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын өндіру үшін шығатын шығыстардың өсуіне байланысты шекті тарифін түзетуге құқылы. Яғни осы жылдың қаңтарынан бастап, шілде айына дейін 8 энергия өндіруші ұйым өтінім берді. Электр энергиясын өндіру шығыстың өсуіне байланысты. Яғни отын, түзету, жөндеу жұмыстарына және еңбекақының өсуіне байланысты шығыстар өсті. Біріңғай сатып алушының бағасына көп факторлар әсер етеді. Ол жаңартылған энергия көздерін өндіретін обьектілердің өндіру көлемі, электр энергиясын импорттаудың көлемі және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жіберілетін электр энергияның көлемі деген сияқты көпфакторларға әсер етеді. Сондықтан да нақты кесіп айту әзірге мүмкін емес. Ол бір күн бұрын анықталатын сұрақ емес.

 Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін қандай жеңілдік қарастырылған?

Заңға сәйкес, тұрмыстық тұтыну электр энергиясын тұрмыстық тұтынатын халыққа көмек ретінде біріңғай сатып алушы электр энергияны арзанырақ жібереді. Сондықтан да біз тұрмыстық тұтынушылар басқа тұтынушыларға қарағанда арзанырақ төлейміз. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік осал топтарға көмек ретінде коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша қолдау көрсетеді.