Оның айтуынша, бұл үшін жаңа әрі қымбат ақпараттық жүйе құрудың қажеті жоқ
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алатын «Электрондық қорғаныс аймағы» пилоттық жобасы іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Депутат Айжан Аймағанова Ішкі істер министріне сауал жолдап, елде болған қайғылы оқиғалардан кейін қауіпті ерте анықтап, адам өмірін қорғауға мүмкіндік беретін нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Оның сөзінше, бұл мәселені шешу үшін қымбат ақпараттық жүйе құрудың қажеті жоқ. Қазақстанда профилактикалық есепке алу мен электрондық бақылаудың қажетті тетіктері бар. Францияның тәжірибесін мысалға келтірген депутат Ержан Сәденовке үш ұсыныс жолдады.
«Бірінші, Ішкі істер министрлігі жекелеген өңірлерде «Электрондық қорғаныс аймағы» пилоттық жобасын әзірлеп, сынақтан өткізу тиіс. Екінші, қауіп туралы сигнал түскен кезде полицияның нақты не істеуі керек екенін белгілейтін бірыңғай міндетті алгоритм бекіту қажет. Үшінші, әрбір қауіп сигналы және сол бойынша қабылданған шаралар автоматты түрде цифрлық тіркеуге алынуға қажет. Бұл әрбір сигнал бойынша кімнің, қашан және қандай шара қабылдағанын нақты көруге мүмкіндік береді», – деді ҚР Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда киберқылмысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды