Жаңа тәртіп алдымен Ақмола және Жетісу облыстарында пилоттық режимде іске қосылады
Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығына қажетті жер телімдері электронды конкурс арқылы беріледі. Мамандардың айтуынша, жүйе жер бөлу процесін барынша ашық етіп, адами факторды барынша азайтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұдан былай жер комиссиялары жұмыс істемейді, ал барлық процесс «Е-Қазына» платформасы арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, блокчейн технологиясы қолданылатындықтан, конкурс нәтижелеріне кейіннен өзгеріс енгізуге мүлде жол берілмейді. Жаңа тәртіп алдымен Ақмола және Жетісу облыстарында пилоттық режимде іске қосылады.
«Жер комиссиясы — тек консультативтік-кеңесші орган ғана. Бұған дейін әкім жер телімін беру туралы шешім қабылдағанда комиссияның қорытындысына сүйенетін, бұл жауапкершілік мәселесінде тұйық шеңбер қалыптастыратын. Енді бұл жүйе түбегейлі өзгереді. Процесс толықтай электронды әрі ашық болады. Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне тиесілі кезеңге ЭЦҚ — электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жеке жауап береді. Бұл ықтимал манипуляциялар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін еócепсіз төмендетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде