Елімізде 1,8 млн оқушы суды үнемдеп пайдалану сабақтарына қатысты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Балалар ашық сабақтарда пайдалы ақпараттар алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр.

«Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Оқи отырыңыз: Биыл көктемгі егіске 6 мыңнан астам өндіруші жеңілдетілген қаржы алды

Новости партнеров