Басты мақсат — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу
Елімізде «Тасымалдаушы» республикалық акциясы аясында жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті әкімшілік полиция комитетімен бірге еліміз бойынша ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Акцияны Бас көлік прокуратурасы ұйымдастырды.
Басты мақсат — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акция нәтижесінде 13,6 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Оң рөлді көліктерді тексеруге (Toyota Alphard, Estima және т. б.) ерекше назар аударылды. 213 қарсы бағыттағы жолаққа шығу дерегі тіркелді. Сондай-ақ, такси жүргізушілерінің бір тәулікте 5–6 аралық рейс орындау жағдайлары жиі кездеседі. Бұл еңбек және демалыс режимін бұзу болып саналады.
"Жүргізушінің шаршаған күйінде көлік басқаруы мас күйде көлік жүргізумен тең қауіп тудырады", — деп атап өтті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері.
268 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, 2 506 жүргізуші көлік басқарған кезде ұялы телефонды қолданған.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жарамдылығы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
Профилактикалық шаралар жалғасын табады.
Оқи отырыңыз: Елордада 18 жастағы студент көпірден секіріп кетті